Eurasian Group Cup 2015 қорытындысы жасалды

«ЖАЙЛАУДАҒЫ» МАУСЫМНЫҢ АШЫЛУ ТУРНИРІ

30 мамырда «Жайлау» гольф-курортында гольф әуесқойларының көптен күткен оқиғаларының бірі Eurasian Group Cup 2015, маусымның ашылу құрметіне«Евразийская группа» ЖШС қолдауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылған турнир болып өтті.  
Осымен бесінші рет өткізіліп отырған маусымның ашылу турниріне шамамен 100 ойыншы қатысты. Бұл жылы гольфшылар ер адамдарға және әйелдерге арналған Best Net және Best Gross санаттарындағы жүлделі орындар үшін ерекше ынтамен сайысқа түсті.

Best Net санатында бірінші орындыМақұлбаев Мұхтар және Кузнецова Алёнаалды, екінші орынды – Сатылғанов Қайрат және Инна Хегай алды, ал үшінші орынды жұп - Алексей және Рита Положенцевтер бөлісті.

Best Gross санатында үшінші орынды ерлер мен әйелдер арасында Максим Востров пенРа Хьянг алды, екінші орында Сарқытбаев Бауыржан мен Ким Юн Кун болды, ал үздік нәтижені көрсеткен Миналла Шаббаз бенЮлия Ниазалиева 1-орын үшін кубоктар иеленді.

Сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында шұңқырға ең алыс және ең жақын соққы(Nearest to the Pin және Longest Drive) үшін жүлделер дәстүрлі түрде қарастырылды.

Турнирдің қатысушылары үздік атану құқығына жарысқа түсіп жатқанда, шақырылған қонақтар клубымыздың майталмандары ұйымдастырған гольф-клиникадағы ойынға қатысу мүмкіндігін құмарлана пайдаланды. Гольф-клиника –бұл жаңадан келушілерге ойынның мағынасы мен мақсатын түсінуге, ойынның негізгі ұғымдарын және дағдыларын игеруге, имек таяқтардың түрлерін ажырата білуге және ойында имек таяқпен ұрудың әртүрлі техникасын қолданып байқауға рұқсат беретін сағаттық шара.

Кейінірек, Country Club мейрамханасынан берілген кешкі ас кезінде турнирдің ресми серіктесі - Arte Di Casa интерьер салонының қатысуымен, Ralph Lauren жәнеEtro Home естелік сыйлықтарын табыстаумен өткен жүлделі орындарды марапаттау орын алды, содан кейін жеңімпаздар этникалық джаз әуендерінде «Жайлау» клуб үйінде жалғасын тапқан мерекенің жайлы атмосферасында қонақтармен және жеңімпаздармен қуаныштарын бөлісе алды.

Клубтың менеджменті турнирдің барлық қатысушыларына алғыс білдіреді және барлық гольфшыларға 2015 маусымын нәтижелі және жемісті өткізуді тілейді!

Жайлау гольф-курорты 2017 ©