Zhailjau Fitness фитнес клубы

время посещения

«ZhailjauFitness»- бұл тек Сіз үшін жасалған клуб!

 

Іле Алатауы тауларының етегінде әдемі гольф-шипажайдың аумағында орналасқан «ZhailjauFitness» фитнес-клубы Сізге жоғары сапалы сервис пен жеке ыңғайды қуана ұсынады.


Кемелдікке ұмтыла отырып, біз Сіздің таңдаулы клубта жайлы және жанға жағымды уақыт өткізуіңіз үшін жағдайлар жасаймыз. Бұл жерде ZhailjauFitness-те Сіз ерекше атмосферадан, көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасынан рахат аласыз, сауығу, қалпына келу және тән мен жанның толық босаңсуына ие боласыз. Клубтың жұмыс сағаттары: жұмыс күндері 7.00. – ден  23.00-ге дейін, демалыс және мерекелік күндері 10.00- ден 20.00-ге дейін.


«ZhailjauFitness» клубы SPA, Hotel, Fitness Кешенінің аумағында көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Фитнес клубтың жобасын Сингапурлық дизайнер David B. Tokiwa дайындаған. Клуб жайларын әрлеу жоғары сапалы материалдардан орындалған, ал жиһазы, маталар мен аксессуарлары FendiCasa-дан. Жаттығу залы үздік дүниежүзілік өндірушілердің бірі - «TECHNOGYM» итальяндық компаниясының жабдығының супер заманауи желісімен ұсынылған.

 

Топтық бағдарламалар залының  бірегей амортизацияланатын жабыны, балет станогы және аэробтық, би бағдарламаларын өткізу үшін премиум-сыныпты барлық қажетті жабдығы бар. Жауынгерлік өнер залы мамандандырылған жабынмен – таттармен, спорт грушаларымен, маке варлармен және шығыс жекпе- жектерімен айналысуға арналған басқа жабдықпен жарақталған.


Бассейндер (ересектерге, балаларға арналған) суды тазарту мен сүзудің аса жаңа жүйесімен, гейзерлер жүйесімен жабдықталған. Бассейндердің палубасынан гольф алаңдар мен Іле Алатауы тауларына қайталанбас көрініс ашылады.

Фитнес-клубтың топтық бағдарламаларының кестесі клиенттер үшін максималды жайлылықпен құрылады, ал тәжірибені нұсқаушылармен барлық бағыттар бойынша  жеке тренинг Сізге үздік нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.

Ең кішкентай келушілер үшін ойын аймағымен және мұндай дамытушы ойындарға арналған бөлмемен балалар клубы ашық.


Киім шешінетін орындар ыңғайлы шкафтармен және душ кабиналарымен жабдықталған. Клиенттерге пайдалануға жоғары сапалы текстиль (орамал, халаттар) ұсынылады. Кешеннің аумағында Фитнес Бар орналасқан, онда Сіз сергіткіш, әлдендіргіш және спорттық сусындардың дәмін тата аласыз.

 

Неғұрлым толық ақпарат алу үшін және клуб картасын сатып алу сұрақтары бойынша,  өтініш, клуб әкімшілігіне жүгініңіз:  +7 727 278 65 00,+7 705 552 77 10,+7 747 281 85 25

zfit.kz

Zhailjau_fitness

fitreception@zfit.kz , zhailjaufit@gmail.com

Жайлау гольф-курорты 2017 ©