«Жайлау» гольф клубы
«Жайлау» гольф-шипажайының он сегіз алаңының жалпы ауданы 82 гектарды құрайды. 18 шұңқырлы гольф- алаң ТМД аумағындағы үздіктердің бірі деп танылған. Сонымен қатар гольф-шипажайы әлемдегі үздіктердің каталогына енгізілген, себебі чемпион алаңдарының стандарттарына толықтай сәйкес келетін оның алаңдары «PalmerCourseDesignCo» компаниясымен жобаланған, дайындалған және іске асырылған. «Жайлау» гольф-шипажайы дүниежүзілік гольф аңызы Арнольд Палмердің қолтаңбасының болуын мақтан етеді.
Гольф-шипажайының аумағында 5 жасанды көлдер бар, қолдан жасалған тау өзендерінің арналары салынған, он бес мыңнан артық ағаш отырғызылған. Тамаша алаңдары ерекше сұрыпты көк- жасыл шөппен жабылған: гриндер – ПенкроссБент, фервейлер – Кентукки БлюГрасс. Он сегіз алаңның әрқайсысының өзінің ерекшелігі және таулар көрінетін қайталанбас көрінісі бар, және шынымен де кәсіпқойлар үшін де, әуесқойлар үшін да тартымды ойынға уәде береді.