«Жайлау» гольф-шипажайы

10 жылдан астам уақыт бойы «Жайлау» гольф-шипажайы гольф ойнауға арналған лайықты орын болып табылады. «Жайлау» гольф-шипажайы алғаш 2006 жылы 09 маусымында есігін айқара ашқан. Осы сәттен бастап «гольфта  кемелдік шыңына» ұранын ұстанып, оған барар жолда болып, Еуразияның үздік клубтарының бірінің қызметі басталды. Бүгінгі күнде «Жайлау» гольф-шипажайы – бұл чемпион алаңдары мен тауға қараған керемет көріністерімен он сегіз  шұңқыр, драйвинг-рейндж және үш паттинг-грин, толыққанды про-шоп, гольф академиясы, спорт-бар, CountryClub авторлық ас үй мейрамханасы және Достық lounge-bar, DelGusto дәм академиясы, заманауи техникамен жабдықталған кең конференц-залдар. Біздің клубымыздың мүшелері мен ықтимал клиенттердің барынша жайлылығы үшін, 2012 жылы 19 мамырда "СПА Отель Фитнес" кешені ашылған.

Гольф- шипажайда ұсынылған қызметтердің толық спектріне ие бола отырып, «Жайлау» шынымен де қазақстандық қоғамдастықтың фавориті ғана емес, сонымен қатар шетелдік қонақтардың сүйікті шипажайы болып табылады. 

Жайлау гольф-курорты 2017 ©