Гольф клуб туралы

Гольф ойнайық!
время игры

Біздің ресурсқа кіргеніңізге қуаныштымыз, өйткені бұл гольфтың сіздің жүрегіңізде өз орнын алатындығын білдіреді, оған қоса сіз «Жайлау» гольф ойнау үшін лайықты орын болып табылатындығын да білесіз. 
 

«Жайлау» гольф курорты 2006 жылдың 09 маусымында ашылды. Осы сәттен бастап Еуразияның үздік клубтарының бірі өз қызметін бастады, және біз ұранымыздан таймай, «гольфта кемелдіктің шыңына» жету жолында екендігімізге сіздің көзіңізді жеткізгіміз келеді. Қазіргі уақытта «Жайлау» гольф курорты – бұл тамаша тау көріністерімен чемпиондық алаңдар мен он сегіз шұңқыр, драйвинг-рейндж және үшпаттинг-грин, толыққанды про-шоп, гольф академиясы, спорт-бар, Достық Country Club және lounge-bar авторлық асүйлерінің мейрамханасы, заманауи техникамен жабдықталған салтанатты конференц-залдар.

2012 жылдың 19 мамырында "СПА Отель Фитнес" кешені өз есігін ашты. 
 

Ең басты мақтанышымыз – бұл клубымыздың мүшелері, бізге таңдау жасағаныңызды мақтаныш тұтамыз және «Жайлауда» болу сіздің жадыңызда әрдайым жағымды естелік қалдыруға тырысамыз. Егер сіз гольф әлемінде алғашқы қадам жасаған болсаңыз, біз сізге қуана көмектесеміз!

 

Гольф әлеміне қош келдіңіз! Біз сізді «Жайлауда» көруге әрдайым қуаныштымыз!

Гольф клуб

«Жайлау» гольф клубы

«Жайлау» гольф-курортының он сегіз алаңының жалпы ауданы 82 гектарды құрайды.

18 шұңқырлы гольф алаңы ТМД аумағындағы үздіктердің бірі болып танылады, оның үстіне гольф-курорт әлемдегі үздіктердің каталогына енгізілген, өйткені оның алаңдары чемпиондық алаңдардың стандарттарына толығымен сәйкес келеді, «Palmer Course Design Co»компаниясымен жобаланған, әзірленген және іске асырылған - «Жайлау» гольф-курорты әлемдік гольфтың аңызы Арнольд Палмердің қолтаңбасын алып жүретінін мақтаныш тұтады.

«Жайлау» әлемдік гольф сахнасында Қазақстанды лайықты танытады, Сіз де бағалаңыз. Гольф-курорттың аумағында бес жасанды көл бар, жасанды тау өзендерінің арналары жүргізілген, он бес мыңнан астам ағаш отырғызылған. Салтанатты алаңдар ерекше сұрыпты - гриндер – Пенкросс Бент, фервей – Кентукки Блю Грасс шөптерінің изумруд тәрізді көгімен жабылған, он сегіз алаңның әрқайсысы өзіндік ерекшелікке және таудың қайталанбас көрінісіне ие, кәсіпқойлар үшін де, әуесқойлар үшін де тартымды ойын ұсынады.

 

«Жайлау» гольф-курортының байланыс деректері:

Мекенжайы: Қазақстан, Алматы, Мирас ықшам ауданы, 188

Телефондар: +7 (727) 277-76-21, +7 (701) 795-32-01

Сайт: www.zgr.kz

Еmail: golf@zgr.kz

Жайлау гольф-курорты 2017 ©